Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМодульді инфекциялық аурухана
Модульді инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Қазір республика бойынша жиырма бес мыңнан астам қазақстандық коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Бір тәулікте коронавирустан бес науқас, ал пневмониядан төрт пациент көз жұмды. Жалпы пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясынан 2 626 адам, ал ковидтік пневмониядан 591 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 1 007 адам вирус жұқтырса, 52 адам пневмонияға шалдықты.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 272 қазақстандық коронавирус инфекциясынан (15 660 КВИ+ және 9 612 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 318 пациент стационарда, 19 954 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 260 адамның жағдайы ауыр;
  • 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 46 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0