Қоғам

Жоғарғы соттың судьясы ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Верховного Суда Казахстана
Здание Верховного Суда Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Жоғарғы соттың судьясы Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемде ақша алу барысында ұсталды

АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Жоғарғы cотының ішкі қауіпсіздік қызметі Жоғарғы сот судьясын ұстады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемде ақша алу барысында қолға түсті, деп хабарланған Жоғары соттың сайтында.

Күдіктінің Қазақстанның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша көмек көрсеткені үшін ақша алғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Бес вице-министр тергеуге алынды

Сонымен қатар Түркістанда ақша берген аудандық соттың судьясы да ұсталды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Жаңалықтар
0