Өңірлер

"Қыз әжесінің үйінде түнеген": Қазақстанның солтүстігінде бір отбасы опат болды

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Пожарные разбирают обломки крыши после пожара, в котором погибли четыре человека
Пожарные разбирают обломки крыши после пожара, в котором погибли четыре человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Үш жасар ұл бала, оның ата-анасы және үй иесінің қарындасы өрттен көз жұмды. Қызыл жалын жеті сағаттан кейін сөндірілді

ПЕТРОПАВЛ, 11 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйдегі өрттен төрт адам, оның ішінде үш жасар бала көз жұмды, деп хабарлады брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихин.  

11 ақпан күні таңертең Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 112 телефонына Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында ағаштан соғылған жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Көршілерінің айтуынша, үйде бір отбасы тұрған.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Өрт сөндірушілер шатырды қоқыстан тазартып жатыр
Қыз әжесінің үйінде түнеген: Қазақстанның солтүстігінде бір отбасы опат болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Өрт сөндірушілер шатырды қоқыстан тазартып жатыр

"Өрт сөндіру бөлімі келген кезде үйдің шатыры отқа оранып, қою түтін шығып жатқан. Көп ұзамай газ баллон жарылып, шатыр опырылып құлады. Өртті сөндіру кезінде 1993 жылы туған үй иесінің, оның 1992 жылы туған әйелінің, олардың 2017 жылы туған ұлының және әйел адамның (қайтыс болған үй иесінің қарындасы болуы мүмкін) жансыз денесі табылды", - деді Растихин.

Өрт екі сағаттан кейін оқшауланып, жеті сағаттан кейін сөндірілді.

Үй толығымен жанып кетті. Қатты аяз жалынды сөндіруді қиындатты. Өрттің себебі және материалдық шығын анықталып жатыр.

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Өрт екі сағаттан кейін оқшауланып, жеті сағаттан кейін сөндірілді
Қыз әжесінің үйінде түнеген: Қазақстанның солтүстігінде бір отбасы опат болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Өрт екі сағаттан кейін оқшауланып, жеті сағаттан кейін сөндірілді

"Отбасы әлеуметтік осал топтарға жатпайды, еш жерде тіркеуде тұрмаған. Қайтыс болған ерлі-зайыптының қызы аман қалды, сол түні ол әжесінің үйінде түнеген. Баламен біздің психолог жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті Дмитрий Растихин.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 96 өрт болып, 15 адам көз жұмған, тоғыз адам жарақат алды.  

Жаңалықтар
0