Экономика

Қазақстан мен Ресей 2021 жылы тауар айналымын арттырады

© Sputnik / Болат ШайхиновАрхивное фото флагов России и Казахстана
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
2020 жылы коронавирус пандемиясының салдарынан екі ел арасындағы тауар айналымы 4,6 процентке қысқарды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Мәскеу сауда және интеграция министрлігі (Қазақстан) мен экономикалық даму министрлігі (Ресей) басшылығы деңгейінде тұрақты өзара әрекеттестікті дамыту туралы келісті. Бұл жөнінде Мәскеуде ведомство басшыларының кездесуінде мәлім болды.

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі хабарлағандай, Бақыт Сұлтанов пен Максим Решетниковтың кездесуі 10 қаңтарда Мәскеуде өткен.

© Photo : министерство торговли и интеграции Республики КазахстанБақыт Сұлтанов пен Максим Решетниковтың кездесуі
Қазақстан мен Ресей 2021 жылы тауар айналымын арттырады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Бақыт Сұлтанов пен Максим Решетниковтың кездесуі

Ведомство мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-қараша айларындағы екі ел арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ке (17,2 миллиард долларға дейін) қысқарған.

"2020 жылы эпидемияға қарсы шектеулер өзара сауда көлемі мен қарқынына әсер етпей қоймады. Бұл шектеулердің алыну шегіне қарай 2021 жылы алдыңғы жылғы шығындардың орнын толтырамыз. Сонда екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсімге қарай қайта бағыт алады", - деді министрлік.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы екіжақты өзара әрекеттестік пен серіктестік мәселелерін талқылады.

Жаңалықтар
0