Өңірлер

Ақтөбеде ер адам ұлын газет арқылы 30 жылдан кейін тапты

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан қаласындағы отбасыға арналған ескерткіш
Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыға арналған ескерткіш - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Анасы бір жастағы баласын алып кеткеннен кейін арадағы байланыс үзілгенімен, Жолдастың әкесі мен туыстары оны көп жыл бойы іздеген

АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде ер адам 30 жыл бойы іздеген ұлын газет арқылы тапты. Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады.

Ақтөбелік волонтер Жолдас Белокосов табиғатты қорғауға арналған шараларда жиі төбе көрсетеді. Оның мысықты құтқару үшін ағашқа өрмелегені, итті шұңқырдан шығарып алғаны туралы бұған дейін біраз басылым жазған еді. Дәл осы ерікті ретіндегі қызметі жігіттің әкесімен қауышуына себеп болды.

Жолдас Белокосов Өзбекстанда туған. Содан кейін ата-анасы Ақтөбе облысына көшкен, біраз уақыт өткен соң отбасы ажырасып кеткен. Анасы баласының тегін ауыстырып, басқа жаққа алып кеткен. Ол Тамды балалар үйінде өскен, одан кейін Жайсаңда тұрған. Әкесінің туыстары баланы 30 жыл бойы іздеген, алайда таба алмаған.

"Анаммен көріспегелі біраз жыл болды. Маған әкемнің қайтыс болғанын айтқан еді. Сол себепті туыстарымды іздеуге тырыспадым. Керек болмасам, басқаға несіне масыл боламын деп ойладым. Неге екенін білмеймін кейінгі жылдары атаммен кездескім келді", – дейді Жолдас.

Алайда Жолдастың әкесі мен туыстары оны көп жыл бойы іздеген. Анасы бір жастағы баласын алып кеткеннен кейін арадағы байланыс үзілген. Жақында жігіттің әкесі өткен жылдың қарашасында шыққан газет бетінде "Солдаты подпилили 30-летний клен" деген мақаланы оқыған.

Көшеден тапқан газетте Жолдас Белокосов пен Евгений Лазарчук есімі жазылған екен. Содан кейін интернеттен Евгений Лазарчуктің нөмірін тауып, Жолдас туралы сұраған. Сол сәтте әкесінің аты дәл келген. 

"Әкеміз оны үнемі көргісі келді, табуымызды сұрады. Мен барлық балалар үйін аралап шықтым. 10 жыл бойы Жайсаңдағы колледжге бардым, тексердім, жеке қарадым. Біз оны Әбдірахманов деген атпен іздедік. Анасы шетелге, Ресейге алып кетті деп ойладық. "Жди меня" бағдарламасына да бердік, ол жақтан да хабар болмады", – дейді туысы Ажар.

Оқи отырыңыз: Астаналық 30 жылдан соң алғашқы махаббатын тапты

Оның айтуынша, жігіттің атасы өмірден өтерінде оны табуды сұраған. Қазір Жолдас туған-туыстарымен кездесті. Ал жігіттің өзі туыстарын тапқанына өте қуанышты. Тағдырымның осылай болғанына еш өкінбеймін, дейді ол.

Жаңалықтар
0