Өңірлер

Ақтау тұрғыны өзін зорламақ болғандардың қылмысын дәлелдей алмай жүр

© Sputnik / Абзал КалиевДомашнее насилие, драка, иллюстративное фото
Домашнее насилие, драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Ақтауда екі жыл бұрын таксист пен оның досы бойжеткенді соққыға жығып, тонаған және зорламақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ақтау тұрғыны Анастасия Елхимова екі жыл бойы әділдік іздеп, күдіктілерді жауапқа тарта алмай жүр. Ол таксиге отырған кезде өзіне шабуыл жасалғанын айтуда. Бірақ, арада біраз уақыт өткен соң, істің жабылғаны анықталып отыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

2019 жылдың шілде айында ол құрбысының үйінен шығып, танымал мобильдік қосымша арқылы үйіне қайту үшін такси шақырады. Көлікте жүргізушіден бөлек тағы бір ер адам болған. Анастасия бұған еш мән бермей, көлікке отырады. Бірақ, біршама уақыттан кейін көліктің басқа бағытқа қарай бұрылғанын байқайды. Сол уақытта екі ер адам оған шабуыл жасаған. Бойжеткен қарсылық көрсетіп, сытылып шығады. Алайда, таксиде ұялы телефоны мен ақшасы қалып кетеді.  Тартыс кезінде оның құлағынан түсіп қалған сырға дәйекзат ретінде қарастырылған.

Анастасия бірден полицияға шағымданған соң, зорлауға әрекет ету фактісі бойынша іс қозғалды. Жәбірленушіден бес тергеуші жауап алғанына қарамастан, олар таксист пен оның досының қылмысын әшкерелейтін дәлел таппаған. Құқық қорғау қызметкерлері көше камераларындағы жазбаларды да алмаған. Анастасия "қылмыс құрамының жоқ болуына" байланысты істің жабылғанын естіген. Бұл жөнінде оған хабарламағаны тағы бар.

"Мен олардың бір-біріне қарап жымиғанын көрдім. Себебі, олардың дос екенін және түрмеге отырмаудың бір амалын табатынын естідім. Ол өз жауабын сегіз рет өзгертті", - дейді Анастасия Елхимова.

Бірақ, Ақтау тұрғыны қол қусырып отырмақ емес. Заңгерлер де жабылған істі қайта қозғауға болатынын айтты

"Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабына сәйкес, кез келген тұлға істің жабылуына сот тәртібінде шағымдана алады. Тергеу соты қабылданған шешімнің қаншалықты заңды екеніне қатысты шектеулі мерзім ішінде баға беруі керек", - дейді заңгер Алексей Божков.

Жаңалықтар
0