Қоғам

"Миға зиян": үйде Wi-Fi роутерді қай жерге қоюға болмайды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуСетевое оборудование в серверной, архивное фото
Сетевое оборудование в серверной, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Үйде қолданатын сертификатталған роутерлер қауіпсіз. Алайда барынша сақтанған жөн. Мұндай талапты барлық пәтерде сақтау қиын

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Пәтерде wi-fi тарататын роутерді адам тұрмайтын бөлмеге орнату керек.

Роутерден келетін электр-магниттік әсер салдарын азайту үшін бірқатар талапты сақтау керек, деді Sputnik радиосына "Өмірлік кеңістік экологиясы" зертханасының жетекшісі Антон Ястребцев.

Оның айтуынша, үйде қолданатын сертификатталған роутерлер қауіпсіз. Алайда барынша сақтанған жөн. Сондықтан бұл құрылғыны жұмыс істейтін, ұйықтайтын бөлмеге қоймау керек.

"Кейде адамдар жақсы байланыс керек деп роутерді үстелге қояды. Бұл дұрыс емес. Роутер сәулесі үш метр қашықтықта зиянды әсер етеді. Сондықтан алшақ қою қажет", - деді маман. 

"Роутер төсектің жанында тұрмауы керек. Мұндай жағдайда адамның миына әсер етеді", - деп санайды Ястребцев.

Wi-fi дәлізде немесе адам жиі болмайтын басқа бөлмеде орнатылуы керек деген ереже бар. 

"Жатын бөлме мен ас үйден арақашықтығы 2-3 метр болуы керек. Мұндай талапты барлық пәтерде сақтау қиын. Бірақ зиянды әсерін азайтуға мейлінше тырысу керек", - деді Ястребцев.

Жаңалықтар
0