Экономика

Ұлттық банк 15 жыл бұрын шыққан банкнотты қабылдауды тоқтатады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы
Здание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
2021 жылдың 3 наурызынан бастап Ұлттық банк филиалдары мың теңгелік банкнотты айырбастамайтын болады

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Ұлттық банк 2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналды банкноттарды айырбастау аяқталатынын хабарлады.

"2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналындағы банкноталарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталған болатын. Бұл науқан 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

3 наурыздан кейін Ұлттық банк филиалдары купюраларды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, банкноттарды айырбастау тек Ұлттық банк филиалдарында ғана жүзеге асырылады. Филиалдардың мекенжайлары мен байланыс телефонын Ұлттық банктің ресми сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.

© Photo : Нацбанк РК2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналды банкноты
Ұлттық банк 15 жыл бұрын шыққан банкнотты қабылдауды тоқтатады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
2006 жылы шыққан 1 000 теңге номиналды банкноты

 

Еске салсақ, 1 ақпанда 2006 жылы басып шығарылған екі, бес және он мың теңге номиналындағы купюраларды қабылдау және айырбастау аяқталды.

Жаңалықтар
0