Қоғам

Облыстың бас санитар дәрігері карантинге қатысты жаңа қаулы шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневЖители столицы зимой
Жители столицы зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 60 проценті қашықтан жұмыс істеуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан — Sputnik. Атырау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, мәдениет нысандары, театр, кинотеатр жұмысына рұқсат берілді. Адам саны орындардың 20%-інен көп болмауы тиіс, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 60 проценті қашықтан жұмыс істеуі керек.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарына сенбі күні сағат 09.00-13.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. 

Білім нысандарындағы тамақтану орындарының да қызметі жанданады.

Бұдан бөлек, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ұзартылды.

Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты - 08.00 - 00.00, адам саны 50-ден көп болмауы тиіс. Ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат берілмейді.

Сауна, СПА және бассейндер 07.00- 22.00 аралығында ашық болады.

Еске сала кетсек, Атырау облысы коронавирус таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енді.

"Қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Павлодар облыстары.

Жаңалықтар
0