Өңірлер

Жезқазғанда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланады

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Әкімдік әзірлеген құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Төтенше жағдайды жоюға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов жауапты

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Жезқазғанда апатты жағдайда тұрған үйлердің көп болуына байланысты жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада апатты жағдайда 24 үй тұр. Олар адам өліміне әкеп соғуы мүмкін.

Апатты жағдайда тұрған үй тізімінде Жезқазған қаласының Абай көшесіндегі №53, 55, 57, 59, 63, 69 көппәтерлі үйлер, Байқоңыров көшесіндегі  №22, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 42, 44, 48, 50 көппәтерлі үйлер, Омаров көшесі, №30 көппәтерлі үй, Некрасов көшесі, №13 көппәтерлі үй, Бейбітшілік көшесі, №3 көппәтерлі үй, Алаша хан көшесі, №24 (4-кіреберіс) көппәтерлі үй, Жеңіс көшесі, №11 көппәтерлі үй, Шевченко көшесі, 23 (1-ші кіреберіс) көппәтерлі үй, Железнодорожная көшесі, №19 көппәтерлі үй бар.

Әкімдік әзірлеген құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Төтенше жағдайды жоюға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Бапанов жауапты.

Айта кетейік, бұл бағыт бойынша жұмыстар өңірде 2020 жылы басталды. 2025 жылға дейін барлығы шешіледі деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0