Әлем

Еуропарламентте санкцияларды талқылау басталды

© Associated PressФлаг Евросоюза. Архивное фото
Флаг Евросоюза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Кеше Еуропарламентте Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылау басталды. Шектеулер 22 ақпанда ЕО сыртқы істер жөніндегі кеңесінің отырысында қаралады деп жоспарлануда

Бірнеше жылдан бері алғаш рет санкциялар қалыпты және тиімділігі дәлелденбеген дербес және корпоративті шектеулерге қарағанда әлдеқайда қатаң болады деп күтілуде, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей мен Еуроодақтың қарым-қатынасы тарихтағы ең дағдарысты кезеңді бастан өткізіп жатыр. Сарапшылар қазіргі жағдайда 2010 жылғыдан да күрделі деп бағалап отыр.

Флаги возле штаб-квартиры Европейской комиссии в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2020
Әлем
Еуропа Ресейді коронавирус туралы жалған ақпарат таратты деп айыптады

Еуродипломатия басшысы Жозеп Боррельдің өткен аптадағы Мәскеуге сапарын Батыс ең үлкен сәтсіздік деп бағалады. Еуропа БАҚ-тары Боррельдің Сергей Лавровтың жанында әлсіз болып көрінгенін және Ресей басшылығы Еуропа мен оның өкілін масқаралау үшін барын салғанын жарыса жазып жатыр.

Мәскеу әдеттегі әрекетке салмай, батыстық әріптестерге тиесілі рөлді "тартып" алғандай болды.

2014 жылдан бері тараптар арасындағы текетірес бір ғана желімен жүріп келді: Батыс Ресейді ең ауыр қылмыстарға кінәлі деп айыптады, одан кейін Мәскеуді жазалау мақсатында кезекті санкциялар енгізілді. 

Батыспен ынтымақтастыққа тым қатты тәуелді болғандықтан, оның барлық масқаралауына төзуге мәжбүр деп пайымдағандар да табылды. Олардың ойынша, Ресей кей мемлекеттердің жоғарыдан төмен қарау әдетіне тоқтам салатындай өткір жауап беруі керек.

Осы жолы да барлығы сценарийге сәйкес басталды. Еуропа ресейлік блогердің улануына байланысты оқиғаны бастап келе жатқанда-ақ, "Кремль алдыңғы қылмыстары" өзектілігін жоғалтқаны және алдыда кезекті текетірес тұрғаны анық бола түсті.

Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2019
Әлем
Еуропа одағы Ресеймен тең құқықтық қатынасқа дайын емес - Лавров

Шындығында, осы жолы оқиға басқаша қарқында өрбитіні белгілі еді. Себебі, РФ СІМ мәлімдемелерінен Еуропаның қитұрқы әрекеттері Мәскеудің ашуына тигенін айқын байқалды.

Енді Еуропа өзінің әрекеттер стратегиясын қайта қарастыруға мәжбүр. Ресейлік дипломаттарды да Еуропа елдерінен кетуге мәжбүрлеу аса дүрбелең туғыза қоймады. Себебі, бұл тек жауапты әрекет болды.

Батыстың санкциялар енгізу, ақыл айту, гуманитарлық бомбалаулар секілді әдістермен өзге елді тәрбиелеуінің астарында "біз барлығын тәртіпке салуға құқылымыз, себебі, біз әлдеқайда дамыған, табыстымыз; өйткені, бізде демократия, сөз бостандығы мен адам құқықтары сақталған" деген ой жатқан секілді.

Біріншісімен дауласуға болмас. Бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастық ерекшеліктеріне де ықпал етіп отыр. Сондықтан, Еуропа мен АҚШ-та барлық кезде басқаларға қысым көрсетуге мүмкіндік бар. Соның салдарынан антиресейлік кезекті науқан оның өзіне жағымсыз әсер етіп отыр.

Бұл – "Солтүстік ағын – 2" мен "Спутник V". Міне, осы мәселеде Еуропа Мәскеуге тәуелді болып отырғаны айқын. Сондай-ақ, ол екеуі де Ресей үшін Еуроодақтағыларға қарағанда өмірлік маңызға ие емес. Ресей газды бағыттайтын ел табады, вакцинаны сатып аламын деушілер де жетіп артылады.

Банковские карты - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2019
Әлем
Еуропа банктері бірыңғай қаржы жүйесіне көшуді жоспарлап отыр

Нәтижесінде, Брюссель мен батысеуропалық астаналар осы басқатырғыны шешуге мәжбүр. Бір шетінен, бастап қойған соң, текетіресті аяқсыз қалдыруға болмайды. НАТО бойынша одақтастар да жан алқымнан алуда. Екінші жағынан, Мәскеудің масқаралағанынан кейін басты тік ұстап, оңай соқпайтын амалдар ұйымдастыру керек. Үшінші жағынан, газ құбыры мен вакцина өндірісі бойынша әріптестікті бұзуға алып келетіндей жағдайды ушықтыру да жарамайды.

Көп жылдар бойы АҚШ-тың ығына жығылып келген Еуропаның өз бетінше геосаяси шешімдер қабылдауға деген ұмтылысын түсінуге де болады. Алайда, ол мұндай маңызды "ойындарға" қатысуға дайын ба, мәселе осыда.

Жаңалықтар
0