Елорда тынысы

Елордада демалыс күндері кейбір көшелер жабылуы мүмкін

© Sputnik / Болат ШайхиновНур-Султан, архивное фото
Нур-Султан, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Елорда әкімі Алтай Көлгінов осындай жоспар бар екенін айтты. Соның арқасында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде емін-еркін жүреді

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Жазда демалыс күндері кейбір көшелерде көлік қозғалысын тоқтату жоспарланып отыр. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз жаяу жүргіншілерге көбірек жағдай жасайтын боламыз. Жексенбі күндері кейбір көшелерді жабамыз. Сонда жаяу жүргіншілер емін-еркін жүреді, балалар қыдырады, адамдар спортпен айналысады. Әрине, шағын және орта бизнес те атсалысады. Қоғамдық тамақтану орындары болады", - деді Көлгінов онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Айта кетейік, бүгінгі шара барысында онлайн байланысқа шыққан испандық Деиго Амадо өз еліндегі тәжірибемен бөлісті. Оның айтуынша, Мадрид қаласында демалыс және мереке күндері қала орталығын жауып, көлік қозғалысын тоқтатып тастайды.

Соның арқасында қала тұрғындары мен қонақтары көшеде емін-еркін жүреді, велосипед тебеді. Қаланың экологиясы да жақсарады. Әкім оған ағылшын тілінде жауап беріп, ондай жоспардың бар екенін жеткізді.

Жаңалықтар
0