Қоғам

Вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлерінің саны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевЕкпе
Екпе - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
15 ақпаннан Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препаратын, ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлерінің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, осы уақытқа дейін 13 301 медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы екпе салынды.

"218 қызметкердің вакцинациясы кейінге шегерілді. Медициналық көрсеткіштерге байланысты оларға екпе кейіннен салынады. Ал 130 қызметкер, яғни вакцина алғандардың 0,9 проценті екпе алудан бас тартты", – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда комитет басшысы вакцинацияның ерікті түрде жүргізілетінін жеткізді. Сондықтан одан бас тартқан адамдарға ешқандай шара қолданылмайды.

Жаппай вакцинация басталды

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпе алдымен инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, созылмалы ауруы бар адамдар бар. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

15 ақпаннан бастап Қарағанды зауытында шығарылған "Спутник V" препараты вакцинация үшін пайдаланыла бастайды. Ал сәуір айынан бастап COVID-19-ға қарсы QazCovid-in қазақстандық вакцинасын егу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Баласына екпе салдырмаған ата-аналар жазаланады - заң жобасы әзірленіп жатыр

Жалпы, жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу көзделген.

Жаңалықтар
0