Қоғам

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинАурухана бөлмесі
Аурухана бөлмесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Пандемия басталғалы республика бойынша 198 086 адам COVID-19 жұқтырды, 2 621 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды. Деректерді денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

10 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 991 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастардың арасында 264 адамның жағдайы ауыр, 46 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 45 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1 053 адамнан коронавирус анықталды, 70 адам пневмонияға шалдықты.

Оқи отырыңыз: Коронавирус кейбір адамдарға жұқпайды – дәрігерлер үш себебін атады

Пандемия басталғалы Қазақстанда 198 086 адам COVID-19 жұқтырды, 2 621 адам қайтыс болды.

Ал 2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 48 388 адам пневмонияға шалдықты, 587 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0