Видео

Астаналық волонтерлер зейнеткерлердің ауласын қардан тазалап берді – видео

Жазылу
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" акциясы жалғасуда. "Астана жастары" коммуналдық мекемесі мен астаналық еріктілер зейнеткерлердің ауласын тазалап, отын жарып беріп жатыр

Астаналық еріктілер демалыс күнін игі іспен бастады. Олар қолдарына күрек алып, қала сыртында тұратын зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты.

"Железнодорожный" ауданының 77 жастағы тұрғыны Антонина Тверитнева жастарға алғыс білдірді. Қария биыл қар мол түскенін айтып отыр.

Адина Әмренова - аспаз-кондитер. 2018 жылдан бері волонтерлік қозғалысқа қызығушылық таныта бастады.

"Біз адамдарға көмектескен сайын жақсы энергия көбейе түседі. Әрдайым қолұшын созып, қолдау көрсеткіміз келіп тұрады", - деді Адина.

"30 игі іс" акциясы аясында астанада бетперде мен азық-түлік таратылады, мұқтаж жандарға баспананы жөндеуге көмек көрсетіледі.

Еріктілердің бір күнін видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0