Оқиға

Полиция жолсерікті түсіріп кетті: Қызылордаға бара жатқан пойызда келеңсіз оқиға болды

© Photo : Департамент полиции на транспорте МВДЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Жолаушылар пойызының жолсерігі әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. "Петропавл–Қызылорда" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының жолсерігі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

7 ақпанда Қызылордаға бағыт алған пойыз бригадирі Арыс-2 станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарласып, көмек сұраған. Ол жолсеріктердің бірі қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын айтып, полиция жасағын жіберуді сұраған.

Бригадирдің айтуынша, оның әріптесі жұмыс орнында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде өзі-өзіне ие бола алмаған. Сонымен қоймай бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Пойыз жолаушыларының да мазасын алған.

"Полицейлерге тәртіп бұзушыны пойыздан түсіріп, жолдан қалдыруға тура келді. Тексеріс нәтижесінде оның Қызылорда облысының 26 ​​жастағы тұрғыны екені анықталды және оның "орташа" дәрежеде мас күйде болғаны медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша расталды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жолсерікке Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 440-бабы (алкогольдік ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарда болу), 437-бабы (тыныштықты бұзу) және 434-бап (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте өзіне қол салмақ болған 17 жастағы қыз пойыз рельсіне жатып алды

Айта кетейік, аталған заңның алғашқы екі бабы бойынша заңбұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге), ал үшінші хаттама бойынша 5 АЕК (барлығы – 43 755 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Жаңалықтар
0