Қоғам

Сотталғандарды пайдаланған: өзгенің атынан 9 кәсіпорын ашқан қылмыстық топ құрықталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКассалық аппарат
Кассалық аппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Күдіктілерді тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, сондай-ақ, 9 миллион теңге тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысында жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар бюджетке аса ірі көлемде залал келтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 5 адам болған. Олар нақты жұмыстар мен қызметтер орындалмаса да, жалған шот-фактура жазып берумен айналысқан. Сөйтіп, 2018-2020 жылдар аралығында осы құжаттардың негізінде біраз қаржы қолма-қол ақшаға ауыстырылған.

"Тергеу кезінде ұйымдасқан топтың өз таныстары мен туыстарының атына, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен жандар мен сотталғандардың атына 9 жалған кәсіпорын ашып, заңсыз қызметті жүзеге асырғаны анықталды. Шын мәнінде, барлық кәсіпорын ұйымдасқан қылмыстық топ басшыларының бақылауында болған", – дейді құқық қорғаушылар.

Олар контрагенттерді салықты төлеуден босату мақсатымен жалған есеп-шоттарды жазып беріп отырған. Ал жалған кәсіпорындар Екібастұз, Павлодар мен Өскемен қаласында тіркелген. Тінту кезінде бухгалтерлік құжаттар, мөрлер, компьютерлер мен крипто кілттер, чек кітапшалары, сондай-ақ, 9 миллион теңге тәркіленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жалған құжат жасатып алған алты Сирия азаматы ұсталды

Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері Қылмыстық кодекстің 262 бабының 1-бөлігі (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 216 бабының 3-бөлігі (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау, аса ірі көлемде залал келтірген іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Жаңалықтар
0