Аңдатпа

Қазақстанда 9 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевӨгіз мүсіні
Өгіз мүсіні - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 9 –11 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

9 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

9.00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде салық және кедендік әкімшілендіру мен жаңартылған энергия көздерін дамыту мәселелері қаралады. Отырыс PrimeMinister.kz сайты мен үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Байланыс тетіктері: 8 (7172) 75 00 10. Баспасөз қызметінің электронды поштасы: press.kpm@mail.ru.

11.00 – Қазақстанның энергетика саласындағы "Самұрық-Энерго" АҚ-ның 2020 жылға арналған өндірістік және қаржылық нәтижелері мен перспективалық жоспары. Спикерлер: Ұлданов Марат Асқарұлы, "Самұрық-Энерго" АҚ дамыту және сату жөніндегі басқарушы директоры. Рысқұлов Айдар Қайратұлы, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор. Аккредиттеуге арналған байланыс: r.tasbulatov@samruk-energy.kz; 8 (7172) 55-30-62 (ішкі: 10162), +7 701 460 91 82.

14.10 – Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында вакцинацияның 1-ші кезеңінің барысы туралы онлайн брифинг. Спикер – Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова. Сұрақтар 9 ақпан күні сағат 10:00-ге дейін info@rsk.almaty.kz электронды поштасына немесе rsk.almaty.kz веб-сайты немесе +7 707 934 3984 (WhatsApp) нөмірі бойынша қабылданады. Онлайн-брифинг әкімдік пен өңірлік коммуникациялар қызметінің және Facebook-тегі Open Almaty ресми парақшасында көрсетіледі.

19.00 – 9, 10, 11 ақпанда "Ғашық–жүрек" поэтикалық-музыкалық қойылымның премьерасы өтеді. "Ғашық-жүрек" спектаклі Мұқағали Мақатаевтың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым (Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж.Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – "Бог музыки в его вселился opus…" концерті ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Қош, махаббат" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, В2-3).

19.00 – "Құдалар" қойылымы ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

Алматы

18.30 – "Мен ұмытылмаймын" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Мұқағали. Мен деп ойла..." спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Ақын...Періште...Махаббат..." спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – Спектакль "Мұқағалимен сырласу" (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Ким" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

19:00 – Әйгілі қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғашық-жүрек" поэтикалық-музыкалық спектаклінің премьерасы. Өтетін орны: Жас көрермендердің музыкалық театры (Ж.Омарова көшесі, 47Б). Сахна режиссері – театр актері Аман Ғұмаров. Сюжет бойынша қойылым автордың лирикалық поэзиясы негізінде жазылған әдемі әндерден тұрады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін біздің театрдың актері – Қазбек Есқар, ал ақынның досы Шәмілдің рөлін театрдың актерлері – Ерназар Жаңатілек пен Асқар Жұмабеков сомдайды. Толығырақ: +7 707 955 76 26, +7 702 987 35 94. Электрондық пошта: mtuzpressa@gmail.com, adik_1984@mail.ru.

11 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19:00 – Әйгілі қазақ ақыны және жазушысы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Ғашық-жүрек" поэтикалық-музыкалық спектаклінің премьерасы. Өтетін орны: Жас көрермендердің музыкалық театры (Ж.Омарова көшесі, 47Б). Сахна режиссері – театр актері Аман Ғұмаров. Сюжет бойынша қойылым автордың лирикалық поэзиясы негізінде жазылған әдемі әндерден тұрады. Ақын Мұқағали Мақатаевтың бейнесін біздің театрдың актері – Қазбек Есқар, ал ақынның досы Шәмілдің рөлін театрдың актерлері – Ерназар Жаңатілек пен Асқар Жұмабеков сомдайды. Толығырақ: +7 707 955 76 26, +7 702 987 35 94. Электрондық пошта: mtuzpressa@gmail.com, adik_1984@mail.ru.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0