Аңдатпа

Қазақстанда 8 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевВо всемирный день борьбы с раком Нур-Султан и Алматы оделись в синий
Во всемирный день борьбы с раком Нур-Султан и Алматы оделись в синий - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 8 –10 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

8 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8 ақпан мен 12 ақпан аралығында Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді. Курс ҚР АҚДМ мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылады. Оқыту курстары офлайн форматта Төле би көшесі, 94 мекен жайында өтеді. Қатысушылар "Медициналық журналистика" курсын өткендігі туралы сертификаттар алады. Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі.   

11:00 – жүргізуші құжаттарын пайдаланудың жаңа қағидалары деген тақырыпта онлайн брифинг. Спикер: Қазақстан ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Түсіпов Серік Амантайұлы. Тақырыпқа қатысты сұрақтар 6 ақпан сағат 12:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды поштасы немесе WhatsApp (8 778 280 94 94 – С. Наурызбекова, 8 701 795 11 67 – С. Қолышбекова) арқылы қабылданады. Брифингті Youtube-тен көруге болады.

16.45 – Журналистердің ресейлік дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы Юрий Козловпен кездесуі. Козлов Қазақстанға Россотрудничество өкілдігінің шақыруымен келген. Шараға қатысу үшін аккредитация қажет емес. Тілші қатысатынын растау жеткілікті: Лумпов Евгений, тел.: 8 701 261 39 64, e-mail: kaz.rs.gov@mail.ru, Скальчук Ольга, тел.: 8 701 054 71 77, e-mail: kaz.rs.gov@yandex.ru (Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

9 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН

19.00 – 9, 10, 11 ақпанда "Ғашық–жүрек" поэтикалық-музыкалық қойылымның премьерасы өтеді. "Ғашық-жүрек" спектаклі Мұқағали Мақатаевтың ой-арманынан, жан сарайынан, ішкі танымы мен толғанысынан туған өлең-жырлары мен әндеріне құрылған сахналық қойылым. (Музыкалық жас көрермен театрының ғимараты, Ж. Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – " Бог музыки в его вселился opus…" концерті ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 –  "Қош, махаббат" спектаклі (Nomad City Hall, Мәңгілік ел көшесі, 55/2 , В2-3).

19.00 –  "Құдалар" қойылымы ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

АЛМАТЫ

18.30 –  "Мен ұмытылмаймын" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Мұқағали. Мен деп ойла..." спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.30 – "Ақын...Періште...Махаббат..." спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – Спектакль "Мұқағалимен сырласу" (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Ким" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы 117).

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0