Өңірлер

Қазақстанның тағы бір облысында карантин жеңілдетіледі

© AP Photo / Andy WongДевушка с медицинской маской в руке, архивное фото
Девушка с медицинской маской в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2021
Жазылу
Өңірде коронавирустың таралуына қатысты жағдай тұрақталғандықтан карантин режимі жеңілдетілмек

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысының билігі 8 ақпаннан бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысы "сары" аймақтан "жасылға" өткен. Осыдан кейін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Оған сәйкес, қоғамдық тамақтану  орындарының жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды. Бұған дейін олар сағат 22.00-ға дейін істеп еді.

Тамақты жеткізу қызметінің уақытына шектеу жоқ. Дәмханалардағы орын 50-ден аспауы тиіс.

Оқи отырыңыз: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қуанышты хабарды жариялады

Кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген, бірақ зал 20%-ке ғана толық болуы керек, ал адам саны 30-дан аспауы шарт.

Театрлар, кітапханалар мен музейлердің толтырылуы 20%-тен  және адам саны 30-дан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне тыйым салынбаған. Репетициялар кезінде де адам саны 30-дан аспауы тиіс.

Қаулы сегізінші ақпанда күшіне енеді. Толық мәтінді мына жерден оқи аласыздар.

Жаңалықтар
0