Өңірлер

Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуЛедяной дождь
Ледяной дождь - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2021
Жазылу
Қазгидрометтің хабарлауынша, жексенбі республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ және қатты жел болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Қазақстанның барлық аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.

"Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, тұман, бұрқасын, көктайғақ болады, жел күшейеді", - дейді синоптиктер.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасындатады, желдің екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, қатты жел болады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің күші 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман, желдің екпіні түнде және таңертең 23-28 м/с болады, Жамбыл облысында көктайғақ болжанып отыр.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ, жел күшейеді, БҚО-да бұрқасындатады.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысында түнде кей жерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз кей жерде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Мегаполистердегі ауа-райы

Нұр-Сұлтанда қар аралас жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы -5..-7°C шамасында болады. Желдің күші 25 м/с-ке дейін жетеді.

Алматыда ертең жауын-шашын болады, ауа температурасы күндіз +6..+8 градус, түнде 0,+2 °C.

Шымкентте де жаңбыр жауады. Күндіз +9..+11 °C болады, желдің екпіні 8-13, күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Жаңалықтар
0