Видео

"Шағала" алғашқы сынақтан қалай өткізілді - видео

Жазылу
Алғашқы отандық ұшқышсыз ұшатын аппараттың өз бағдарламалық жүйесі бар, бірегей аккумуляторлық батареямен жабдықталған, әрі әуеде екі жарым сағатқа дейін бола алады

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Шағала" ұшу аппаратын тәжірибелік үлгісін Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары әзірлеген.⠀

Аппаратты полигонда сынақтан өткізу кезінде әскери ғалымдар төмен температураға төзімді қуат көзін сынақтан өткізді. Ерекше аккумулятор батареялары – Ұлттық қорғаныс университеті мамандарының соңғы ойлап тапқан жаңалығы.⠀

"Шағала" аппаратының ұшу қашықтығы - 30 километр. Ауада ол екі жарым сағатқа дейін болуы мүмкін, жел секундына 14 метрге дейін күшейген кезде өзін тұрақты ұстайды.⠀

Ғылыми жұмыстың нәтижеcі патенттелген және әскери тәжірибеде пайдалану аяқталған соң барлық әзірлемелер ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару үшін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне берілмек.

Жаңалықтар
0