Әлем

Он бір күйеуін жерлеген әйелдің қылмысы әшкере болды

CC0 / Narcis Ciocan / Мужчина и женщина
Мужчина и женщина - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Он бір ер адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Ресейдің Армавир қаласының тұрғыны бірнеше жыл ішінде 11 күйеуін жерледі. Оған қатысты тергеу жүргізілді.

Әйел зейнеткерлерге тұрмысқа шығып, мүлкін сатып, ақшаны өзіне алған. Ал күйеулері бірінен соң бірі қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Тергеу ақпаратына сәйкес, 53 жастағы әйел әдейі жалғыз ер адамдарды іздеген. Ол тұрмысқа шыққан соң  зейнеткерлердің мүлкін өз атына түсірген. Бірнеше қалада үй мен пәтер бұйырды.

Арам ойын жүзеге асыруға қыздары көмектескен. Риелтор болып істейтін 57 жастағы әйел де жоспардың орындалуына септесті.

Шығын сомасы 21,7 миллион рубль (123 млн теңгеге жуық) шамасында.

Күдіктілердің 2013-2019 жылдар аралығында 12 оқиғаға қатысы болғаны анықталды. Он бір ер адам көз жұмды. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Жаңалықтар
0