Қоғам

"11 жыл бойы сөйлеспеген": досын өлтірген жігіттің әкесі түрмеге өзі келді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Сотталған жігіттің әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жылдың ішінде түрмеге бірде-бір рет келмеген. Байланысқа да шықпапты

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Семейде қатаң режимдегі колониядан өзінің жақын досын өлтірген жігіт босатылды. Оның әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жыл бойы хабарласпаған. Ал ұлы түрмеден шығады деген кезде өзі барып, күтіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.  

Сотталған жігіт пен оның әкесі түрменің қақпасы алдында кездесті. Бұл жүздесу толқу мен сезімге толы болды. Себебі жігіттің әкесі баласына қатты ренжіп, 11 жылдың ішінде түрмеге бірде-бір рет келмеген. Байланысқа да шықпапты.

"Өз өміріне балта шапқаны үшін Алмазды кешіре алмадым. Мен баламды олай тәрбиелеген жоқпын. Ал кеше қызым қоңырау шалып, оның бүгін босап шығатынын естігенде, жан дүнием өзгеріп сала берді, ішімнен шыққан балапанымды бауырыма басып, қатты-қатты құшақтағым келді. Мен кеше оны толық кешірдім", - дейді Алмаздың әкесі.

Осы орайда ол қазақтың "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды" деген сөзін еске алды.

"Осы мақалды 11 жыл бойы ішімнен күн сайын, тіпті минут сайын қайталап келдім. Дауыстап айта алмадым. Бүгін ғана оны алғаш рет дауысымды шығарып тұрып, айтып тұрмын. Мен баламды кешірдім, бүгін менен бақытты әке жоқ", - дейді ол.

"Соңғы рет 13 жасында көрді": сотталған жігіт түрмеде анасын тапты

Алмас жақын досын өлтіргені үшін 14 жылға сотталған болатын. Оны мерзімінен бұрын босатуға шешім қабылданды. Туыстарынан тек жұбайы мен қарындасы ғана түрмеге қатынап тұрған.

"Кеше Алмаз қарындасына жақсы жаңалық айтамын деп, онлайн байланысқа шықты. Сол кезде әкесімен татуласу мүмкіндігін ойлап, ішінде бір жылулық болған. Бірақ бүгін әкесі түрмеге өзі келеді деп ойлаған жоқпыз. Бұл кездесу толқу мен сезімге толы болды", - дейді тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Руслан Камаржанов.

 

Жаңалықтар
0