https://sputnik.kz/20210205/Timur-Zhaksylykov-kyzmet-Beketaev-16222074.html
Тимур Жақсылықов қызметінен кетіп, орнына Бекетаев келді
Тимур Жақсылықов қызметінен кетіп, орнына Бекетаев келді
Sputnik Қазақстан
Тимур Жақсылықов басқы қызметке ауысты. Оның орнына Руслан Бекетаев ЕЭК министрі қызметіне тағайындалды 05.02.2021, Sputnik Қазақстан
2021-02-05T16:20+0500
2021-02-05T16:20+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_899234e15f705d1b0bd67fba51c9ef7d.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1226/28/12262812_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_ff8570d5fc26676158a94059d9ecb264.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тимур Жақсылықов қызметінен кетіп, орнына Бекетаев келді
16:20 05.02.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тимур Жақсылықов басқы қызметке ауысты. Оның орнына Руслан Бекетаев ЕЭК министрі қызметіне тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. ҚР қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Тимур Жақсылықовтың орнына ЕЭК министрі болып тағайындалды. Еуразиялық экономикалық комиссияның бұрынғы министрі басқа қызметке ауысты. Бұл жөнінде ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович мәлімдеді.
"Жақсылықов мырзаның басқа қызметке ауысуына байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі қызметіне Руслан Бекетаевты тағайындау туралы шешім қабылданды", - деді Мясникович.
Тимур Жақсылықов ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі болатын. Руслан Бекетаев бұған дейін Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметін атқарды.
Руслан Бекетаев туралы не білеміз
Руслан Бекетаев 1975 жылы Шымкентте дүниеге келген. Ол экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ, Британиядағы Бристоль және Оксфорд университеттерінде білім алған.
Ұлттық банкте, қаржы полициясында, қаржы нарығы және қаржы мекемелерін реттеу жөніндегі агенттікте қызмет атқарған. 2014 жылдан бері Қазақстанның қаржы вице-министрі қызметін атқарып келді. Қаржы жүйесінің үздігі, "Ерен Еңбегі үшін" медалімен марапатталған.