АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин ЕАЭО аумағында білім беру саласында бірыңғай ақпараттық портал құруды ұсынды. Бұл туралы ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтты.
"Білім саласында бірыңғай ақпараттық портал құру жоспарлануда. Бүгін қазақстандық серіктестеріміздің керемет жұмыс атқарғанын көрдік", - деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ Мишустин ЕАЭО-да едәуір сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби біліктілікті, сондай-ақ ғылыми дәрежелер мен атақтарды тануды ұсынды.
Еске салсақ, 5 ақпанда Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде Digital Almaty форумы, сонымен қатар, ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары, ЕЭК министрлері, сондай-ақ, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер – Молдова, Өзбекстан мен Куба қатысып отыр.
ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің келесі отырысы Ресейде 23 сәуірде өтеді.