Экономика

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты қайта қарастыруды ұсынды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуМеталлург, архивтегі сурет
Металлург, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Әлемдегі ірі экономикалардың арасындағы сауда-санкциялық шиеленістің әсерінен өндірістік процестер өңірлік сипатқа ие болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Еуразиялық үкіметаралық кеңесте баяндама жасаған Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин ЕАЭО-ға төрағалық еткен жылы Қазақстан ең алдымен өнеркәсіптік корпорацияны дамыту бойынша жұмыстарды күшейтуге баса назар аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елдеріміздің бәсекелестік басымдықтарының әлеуетін толық жүзеге асыру, мобильділігі артып келе жатқан өндірістік капитал үшін күреске жұмылдыру және жаңа буынның қосылған құн тізбектерін қалыптастыруға біздің блокты енгізу жаңа жағдайдағы міндетімізге айналуы керек", – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, әлемдегі ірі экономикалардың арасындағы сауда-санкциялық шиеленістің ықпалынан және жеткізулердің сенімді болуына баса көңіл бөлінуіне байланысты өндірістік процестер өңірлік сипатқа ие болып отыр.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бізге ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қайта қарастыру және жаңарту қажет", – деді ол.

Осы күндері Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде Digital Almaty форумы, сонымен қатар, ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары, ЕЭК министрлері, сондай-ақ, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер – Молдова, Өзбекстан мен Куба қатысып отыр.

Шарадан кейін Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин мен ЕЭК алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің БАҚ өкілдеріне сұқбаты жоспарланған.

Оқи отырыңыз: ЕАЭО-ға мүшелік Қазақстанға не берді?

Айта кету керек, Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын өткізу барысында санитарлық талаптар қатаң сақталған.

Жаңалықтар
0