Видео

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындысы бойынша видеокөпір

Жазылу
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қорытындысы бойынша Мәскеу – Алматы – Нұр-Сұлтан – Бішкек – ​​Ереван – Минск видеокөпірі өтті

Sputnik ақпарат агенттігінің видеокөпірі кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина ЕАЭО мүше-мемлекеттері үкімет басшыларының қатысуымен Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы туралы әңгімеледі.    

Ия Малкина сондай-ақ журналистердің сұрақтарына жауап берді.

ЕАЭО елдері премьер-министрлері кездесуінің күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ішкі нарықтың жұмысына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, экономиканың жекелеген салаларында интеграциялық әлеуетті дамыту және тағы басқа мәселелер шығарылды.

Видеокөпірдің трансляциясы Sputnik Қазақстан сайтында, сондай-ақ Facebook парақшасында өтті.

Жаңалықтар
0