БАҚ-та материалды қалай қызықты етіп жариялауға болады – маман кеңесі

© Sputnik / Владислав ВодневЖурналистка на фоне логотипа Sputnik
Журналистка на фоне логотипа Sputnik - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
SputnikPro сарапшысы Олег Дмитриев репортаж жасау кезінде жұртты қалай қызықтыруға болатынын әңгімелеп берді  

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобының кеңесшісі Олег Дмитриев жақын шелдердің журналистеріне материал қызықты болуы үшін оны қалай жариялау керектігін айтты.

Оның пікірінше, бұл жағдайда, маркетингтегідей бірегей ұсыныс болу керек: не өнімнің айрықша сипаттамасы, не оның ешкім ешқашан айтпаған ерекшелігі туралы айтылуы тиіс.

"Sputnik-тің ұраны дәл осы туралы сөз етеді. Басқалар айтпағанды біз айтамыз", - деп атап өтті ол.

Жариялау әдісін анықтамас бұрын, бұқаралық БАҚ-тың аудиториясы қандай екенін түсіну керек. Аудиторияны қалай ажыратуға болатындығы туралы қарапайым критерийлер бар. Бұл географиялық, демографиялық және психографиялық ерекшеліктер, оқырмандардың басқа басылымдарға қатысты мінез-құлқы.

© Sputnik / Наталья АйриянОлег Дмитриев
БАҚ-та материалды қалай қызықты етіп жариялауға болады – маман кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Олег Дмитриев

Сарапшы сонымен қатар тұтынушылар үшін бүгінгі күннің сын-қатерін анықтады: ақпараттың артықтығы, "жақсы мен жаманның" шекарасын анықтамау, өз сенімін жеңу.

Ол сын-қатер бұқаралық ақпарат құралдары үшін де бар екенін атап өтті: ақпараттың жаһандануы және аймақтануы, жаңалықтар мен аналитика элементтері бар оқиғаларға жедел жауап беру.   

Оқиға тарихы жалпы адамзаттық қызығушылыққа негізделуі керек, мысалы, қазір вакцинация тақырыбы өзекті болып отыр. Сонымен қатар, оқиға көрерменге жақын болуы керек, оның болашақтағы маңызы өзекті.  

"Мен бұл тізімді әртүрлі ақпарат құралдарында осы немесе басқа модификацияда көрдім, бірақ ол шамамен бірдей болды. Біз түсірілімге барғанға дейін оқиғаның тақырыбын жоспарлауға тырысамыз, оны жаза бастаймыз. Тақырып бар, ал жариялау әдісі қандай деген сұраққа өз репортажымызбен жауап береміз", - дейді Олег Дмитриев.   

Жариялау әдісі оқиғаның орнын табуға көмектеседі. Оның маңыздылығына, қашықтығына назар аударуға болады. Бұл орынды мақсатты аудиторияның білімімен байланыстыру, қызықты фактілерді ұсыну маңызды.

Оқиға туралы айтуға сұхбаттасушы адам көмектеседі. Олар кім, неге олар маңызды, аудитория олар туралы не біледі, оқиғаны түсінуге адам тәжірибесі қалай көмектеседі?

"Әріптестерімізбен бірге ойлап тапқан осы терминді жақсы көремін, бірақ мен бұл туралы кәсіпқой журналистермен сөйлескен сайын айтамын. Ол шығармашылық технологиясы деп аталады", - деді Олег Дмитриев.

Адам технологияны түсініп, маңызды сандар мен фактілерді іріктеп, салыстырулар мен баламаларды табуы, пайдалы ақпаратты анықтауы, ақпаратты көзбен көруі керек.

Материал жазу кезінде стандартты емес шешімдерді қолдануға болады. Мысалы, "хит-парад" (алғашқы ондық, алғашқы бестік және тағы басқа), басты кейіпкерлер туралы әңгімелер, заттарды дербестендіру, өзіңді сынап көру немесе болашаққа көз тастау.

Оқиғаны жоспарлау керек, дейді спикер. Біз олар туралы алдын ала білеміз, дайындалуға уақыт жетеді, репортаждың дәстүрлі шаблондарынан аулақ болуға мүмкіндік бар.

Жаңалықтар
0