Экономика

Асқар Мамин Қазақстанның ірі қалаларында 5G қашан пайда болатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинDigital Almaty форумына қатысып отырған Асқар Мамин
Digital Almaty форумына қатысып отырған Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Премьер-министр экономиканың барлық саласында цифрландыру қарқынын үдетуді тапсырды және қашықтағы форматтардың кең таралуы қоғамның функцияларын тұрақтандыруға мүмкіндік бергенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Digital Almaty форумы барысында елдегі цифрлық технологиялардың дамуы туралы айтты.

"Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жеткілікті деңгейін көрсетті. Халықты интернетпен қамту 99%-ті құрайды. Жалпы онлайн режимде алуға болатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 9%-ке жетті. Электронды сауданың көлемі екі есеге артып, қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі үш есеге өсті. Алдағы бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатын болады", – деді Қазақстан премьер-министрі.

Ол елде 1000-нан астам инновациялық компаниялар құру жоспарланып отырғанына тоқталды. Сондай-ақ, экономиканың барлық салаларында цифрландыру қарқынын үдетуді және халықтың өмірін пандемияның маңызды тенденцияларының бірі ретінде атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік институттар цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдетті. Ал қашықтағы форматтардың кең таралуы қоғамның функцияларын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

"Нәтижесінде біз цифрлық экономика көлемі өсуінің куәсі болдық. Әлемдік институттардың мәліметтері бойынша, IT-технологияларға шығындар көлемі 2020 жылы 3,9 триллион доллардан асты. Ал бұлтты есептеу нарығының көлемі 20% өсті. 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 600 миллиард доллардан асады", – деді премьер-министр.

"Форум жақсы дәстүрге айналды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бірінші отырысын бірлесіп өткізу – бұл сапалы цифрландыруды жүзеге асырудың логикалық шешімі", – деді Асқар Мамин.

Оқи отырыңыз: Тоқаев байланыс операторларын нашар интернет үшін жауапқа тартуды ұсынды

Айта кетейік, Алматыда цифрлық Digital Almaty жұма күні өтіп жатыр, оған ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері қатысады. Сессияны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, арнайы бейнеүндеу жолдады.

Жаңалықтар
0