Видео

Алматы облысында егіз қыздар иесіз иттерге үйшік жасап жүр - видео

Жазылу
Алматы облысында Кристина мен Элина Каримовалар жуырда он төрт жасқа толды. Олар жас болса да, зооволонтерлер немен айналысатынын жақсы біледі

Егіз қыздар биылдан бері иесіз қалған иттерге үйшік жасап, оларды тәлімбақтарға тапсырады.

Олардың мұндай ерекше іспен айналысуына иттерді азаптаған адамдар себепкер болған. Қатыгез адамдарды ауыл тұрғындары ақылға келтіре алмады. Сондықтан жануарларды қорғаушылар көмегіне жүгінуге тура келген.

Animal Security қорнының өкілдері келген соң жергілікті құқық қорғаушылар арызды қабылдап, иттерді азаптағандарды тапты. Олар Панфилово ауылында тұратын ағалы-інілі болып шықты. Ер адамдарда психологиялық ауытқуы бар екені анықталды. Мәжбүрлі түрде емделуге жіберіледі.

Бұл оқиға қыздарға қалай әсер еткенін видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0