Шараға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен байқаушы мемлекеттер - Молдова, Өзбекстан және Куба премьер-министрлері қатысуда.
Пленарлық сессия тақырыбы цифрлық даму мәселесіне арналады.
Цифрлық форумнан соң ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысы өтеді.
Евразиялық экономикалық одақ - халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. 2015 жылдың 1 ақпанынан бері жұмыс істейді. Одақ мүшелері - Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан.