Әлем

Қырғызстанның премьер-министрі туған інісін қызметтен босатты

© Photo : Пресс-служба правительства / Алишер АлиевПремьер-министр Кыргызстана Улукбек Марипов
Премьер-министр Кыргызстана Улукбек Марипов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Бұл Мариповтың Қыроғызстан премьер-министр қызметіне келген бойда қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қырғызстанда премьер-министр қызметіне тағайындалған Улукбек Марипов өзінің туған інісін қызметтен босатты. Бақытбек Марипов Ош облысындағы Ноокат ауданының әкімі қызметін атқарды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ондай шешім мүдделер қайшылығы болмау үшін қабылданды. Себебі заң бойынша жергілікті билік органдары министрлер кабинетінің басшысына бағынады", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, бұл Мариповтың премьер-министр қызметіне келген бойда қабылдаған алғашқы шешімдердің бірі болды.

Айта кеткен жөн, Ноокат ауданы - Мариповтар отбасының туған жері. Премьер-министрдің әкесі Асамидин Марипов аудандық аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істейді. Оның ұлы күні кеше ғана Қырғызстаның премьер-министрі қызметіне тағайындалды.

Улукбек Марипов 2016 жылдан бері есеп палатасының төрағасы болды. Жасы – 41-де. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқанына 20 жыл болды. Жогорку Кенеш, қаржы министрлігі мен президент аппаратында қызмет етті. 2011-2015 жылдары мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болды.

Ал Қырғызстан президенті Садыр Жапаров болашақта премьер-министр қызметінің қысқартылатынын мәлімдеді. Ол жаңа үкімтетке алты ай берді. Осы уақыттың ішінде министрлер кабинеті өз жұмысын көрсету керек.

"Реформаларға, кем дегенде, алты ай керек болады. Министрлер кабинетінің жаңа құрамы осы уақыттың ішінде өз жұмысын көрсетеді. Жаңа Конституция, жаңа заңдар қабылданады деген жоспар бар. Соның негізінде реформалар атқарылады. Конкурс бойынша жаңа, адал әрі кәсіби кадрлар іріктеледі. Премьер-министрдің қызметін және бір-бірін қайталайтын мемлекеттік органдарды қысқартамыз", - деді Жапаров.

Жаңалықтар
0