Аңдатпа

Қазақстанда 5 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 5 –10 ақпан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

5 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

16.30 – Орталық коммуникациялар қызметінде су тасқыны маусымына дайындалу мәселесі сөз болады.  Спикер: төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Құлшымбаев. Трансляцияны Youtube немесе Facebook-тан көруге болады.

НҰР-СҰЛТАН

14.00 – "Cиқырлы сөздер" спектаклі (Қуыршақтар театры, Республика даңғылы, 3).

16.00 – "Таң Шолпан" көрмесінің ашылуы. Халықаралық суретші әйелдер қоры Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырып отыр (Ұлттық музей, Тәуелсіздік даңғылы, 54).

19.00 –  "Великие имена: Й.Гайдн, В.А.Моцарт" симфониялық концерті ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.00 – "Примадонна" спектаклі (Горький атындағы театр, Омаров көшесі, 47Б).

19.00 – "Жібек" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

19.30 – "Щелкунчик" спектаклі ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

АЛМАТЫ

12.00 – "Как лечить львиный страх?" балалар спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

18.00 – "Теория нитки. Звериные история" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).

18.30 – "№13" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

19.30 – "Инсайдеры" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Мертвые" спектаклі (BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

8 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

8 ақпан мен 12 ақпан аралығында Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді. Курс ҚР АҚДМ мен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде ұйымдастырылады. Оқыту курстары офлайн форматта Төле би көшесі, 94 мекен жайында өтеді. Қатысушылар "Медициналық журналистика" курсын өткендігі туралы сертификаттар алады. Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі:

10 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің халыққа есеп беру кездесуі. Коронавирустық пандемияға байланысты кездесу онлайн режимде өтеді. Қатысуға және қала басшысына сұрақ қойғысы келетіндер тіркеу сілтемесіне өтіп, тиісті нұсқауларды орындауы қажет. Есеп беру кездесуі Нұр-Сұлтан әкімдігінің YouTube және Facebook-тағы ресми аккаунттарынан, сондай-ақ "Астана" телеарнасы мен Tengrinews порталынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0