Экономика

Қазақстандық компания Қытайға темір рудасын заңсыз сатты деген күдікке ілінді

© Sputnik / Василий Батанов / Медиабанкке өтуДобыча ископаемых, архивное фото
Добыча ископаемых, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Кәсіпорын заңсыз саудадан 1,1 миллиард теңгеден астам (2,6 миллион доллар) пайда көрген. Сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Қарағандыдағы өнеркәсіптік кәсіпорын Қытайға 120 тонна темір рудасын заңсыз сатқан, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, осы жылдың қаңтарында көрші мемлекетке ешқандай рұқсат қағаздарынсыз пайдалы қазбалар жөнелтілген. Агенттік нақты қай компания екенін атаған жоқ.    

Оқи отырыңыз: Қазақстанның алтын кенін Қытайға заңсыз тасығандар ұсталды 

Тексеру кезінде анықталғандай, кәсіпорын 2016 жылдан 2017 жылға дейін Қытай халық республикасына үлестес компания арқылы 128 тонна темір руда жөнелткен. Осы әрекеттің арқасында кәсіпорын 1,1 миллиард теңгеден астам пайда көрген.

Қаржы мониторингі агенттігі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін бастады. Бұл заңға қайшы әрекет Қазақстан Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2-бөлімі (Бір топ адам бірнеше рет аса ірі көлемде жасаған заңсыз кәсіпкерлік)  бойынша қаралуда. Егер тағылған айып дәлелденсе, күдіктілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0