Видео

Газ құны: астаналықтар 1 миллионға жуық ақша жұмсады – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшілері "Көктал-1" және "Көктал-2" аудандарында болып қайтты. Мұнда газ жеткізілді, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар көмірден газға көшу үшін қанша қаражат жұмсағанын айтып берді

Рашид Әбенов үйін жылдар бойы көмірмен жылытқан. Жуырда "Көктал-2" ауданына көптен күткен көгілдір отын жетті. Газға көшкелі шығын да арта түскен. Бірақ ауа біршама тазарды, деді ол Sputnik Қазақстан тілшілеріне.

"Көмір газға қарағанда арзан болды. Бағаны монополистер реттейді деп ойлаймын. Бүгін тексеруші келді, текше метріне 34 теңге деді, қателеспесем", - деді астаналық.

Ал "Көктал-1" тұрғыны Болат Кәрібаев қазірдің өзінде газ тартуға 600 мың теңгеге жуық ақша жұмсалғанын айтады. Ол биыл үйіне газ жетеді деп күтіп отыр.

Толығырақ видеодан көре аласыз.

Жаңалықтар
0