Спорт

27 жастағы боксшы нокаутқа түскеннен кейін көз жұмды – видео

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивное фото боксерского поединка
Архивное фото боксерского поединка - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Пәкістанның Карачи қаласындағы бокс кешінде жекпе-жектердің бірі трагедиямен аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Рингте жергілікті боксшылар – Мұхаммед Аслам Хан мен Вали Хан Тарин кездесті. Жойқын соққыны өткізіп алған Аслам Хан ауыр нокаутқа түсті, алайда ол жерде жылдам әрі білікті көмек көрсететін медициналық персонал болмаған. Видеоны төменде көруге болады.

Аслам Хан дереу жергілікті жеке клиникалардың біріне жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады – ол ішкі жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Соңғы жекпе-жегіне дейін жеңілмеген боксшы нокауттан кейін көз жұмды

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік бұл оқиғаны тексеріп жатыр. Сондай-ақ бокс Мұхаммедтің жалғыз жұмысы емес екені белгілі болды – ол жергілікті сайлау комиссиясында да қызмет еткен.

Жаңалықтар
0