НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Жұмысшылар мінген автобус жол жиегіне шығып кетіп, бір бүйіріне қарай жантайып қалды, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты сәрсенбі, 3 ақпан күні 19.30-да, Екібастұз – Батыр БП (басқару пункті) тас жолындағы "Южная" станциясы аумағында болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Екібастұз қаласынан келе жатқан Volvo автобусының 63 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бүйіріне қарай жантайып қалды", – делінген ақпаратта.
Автобус салонында ауысымдық қызметке келе жатқан 30 жұмысшы болған. Жол апаты салдарынан жолаушылар мен жүргізуші жарақат алған жоқ. Ал автобус арнайы автотұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз: Шымкенттіктер ереуілге шықты – видео
Оқиға орнындағы жолаушыларды діттеген жерге жеткізу үшін басқа автобус жіберілген.