Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам қайтыс болды

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Бүгінгі күні коронавирус жұқтырған 259 науқастың жағдайы ауыр, тағы 53 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан — Sputnik.  Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды. Оның ішінде, 11 науқас COVID-19 ауруынан, екі емделуші коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпандағы мәліметі бойынша, бүгінгі күні 27 886 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатыр. Оның ішінде, 5 799 науқас стационарларда, 22 087 азамат амбулаториялық деңгейде емделуде, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оқи отырыңыз: Коронавирус инфекциясына қатысты тәуліктік статистика жарияланды 

COVID-19 пен пневмония жұқтырғандардың ішінде:

  • 259 науқас ауыр жағдайда;
  • 57 науқас аса ауыр жағдайда;
  • 53 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

2021 жылдың 3 ақпанында коронавирус белгілері бар пневмония ауруының 82 жағдайы тіркелген. Жалпы 253 адам жазылды.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 087 науқас тіркелсе, 573 адам осы инфекциядан көз жұмған, барлығы 36 482 адам сауығып шықты.

Жаңалықтар
0