Экономика

ЕАЭО-да ұлттық валюталарды қолдану көрсеткіші артты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, монеты
Деньги, тенге, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2021
Жазылу
Еуразиялық экономикалық комиссия министрі одақ аясында бірыңғай валюта енгізу мәселесі талқыланып жатқан жоқ екенін айтты

АЛМАТЫ, 4 ақпан — Sputnik. ЕАЭО ішінде ұлттық валюталарды қолдану операцияларының саны артты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде ЕЭК мүшесі Тимур Жақсылықов айтты. 

"2013 жылы Кеден одағында үш мемлекет болған кезде  ұлттық валюта операияларының үлесі 63% болды. Ал 2019 жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 74%-ке жетті. Айтарлық өсім болғанын көріп отырмыз", – деді Жақсылықов.

Ол өзара сауданың 70 проценті рубльмен жүзеге асатынын атап өтті. Бірақ Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымында теңге көп қолданылады. Үлесі жиырма процентке тең. 

"Бұл көрсеткіш Қырғызстан одаққа енген кезде 13%-ке артты. Доллар үлесінде - 19%, еурода шамамен 7%", – деді Тимур Жақсылықов.

Ол одақ аясында бірыңғай валюта енгізу мәселесіне де тоқталды. Спикердің айтуынша, мұндай мәселе мүлдем талқыланып жатқан жоқ.

Жаңалықтар
0