НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда пандемия басталғалы коронавирустан 2 565 адам, ал пневмониядан 571 науқас көз жұмған.
Коронавирус бойынша мәлімет
Өткен тәулікте қазақстанда 1 228 адам коронавирус жұқтырды.
3 ақпандағы жағдай бойынша 27 900 адам COVID-19-дан ем қабылдап жатыр. 5 788 науқас стационарда, 22 112 адам амбулаторлық жағдайда емделуде.
Пневмония бойынша мәлімет
Соңғы тәулікте елде 107 адам пневмония жұқтырғаны хабарланды. Қайтыс болғандар саны - 571.