Қоғам

Қазақстанда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдары бар ма

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаМодульная лаборатория в спорткомплексе "Казахстан" в Нур-Султане
Модульная лаборатория в спорткомплексе Казахстан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі вирустың жаңа штаммдарын секвенирлеу жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отырады, деп мәлімдеді Ерлан Қиясов

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдары табылған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, министрлік вирустың жаңа штаммдарын секвенирлеу жұмысын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Жуырда ғана зерттеу нәтижелері жиналып, қазір талданып отыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында секвенирленген генотиптер арасында "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдар анықталған жоқ", - деді Қиясов онлайн брифингте.

3 ақпандағы жағдай бойынша республикада 190 359 адамда коронавирус диагнозы расталды. Тағы 48 005 қазақстандық пневмонияға шалдықты. Оның ішінде коронавирустың оң нәтижесімен 10 840 бала тіркелді.

"Спутник V" вакцинасынан кейін иммунитет екі жыл сақталады – Қиясов

Министрліктің мәліметінше, жалпы елде қараша айынан бастап коронавирус жұқтырғандар көбеюде. Желтоқсанда қарашамен салыстырғанда өсім 1,2 есені құраған. Қаңтар айында да орташа өсу үрдісі сақталды, желтоқсанмен салыстырғанда ауру 1,4 есе өсті. 

Науқастар саны негізінен Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өскен.  

Жаңалықтар
0