НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Өңір тұрғындарының 60-70%-інде иммунитет қалыптасқан жағдайда маскадан бас тарту мүмкін болады. Дәрігер-иммунолог Владислав Жемчугов Sputnik радиосына берген сұқбатында осындай пікір білдірді.
Оның айтуынша, коронавируспен "танысқан" адамдар неғұрлым көп болса, бетпердені шешу мерзімі соғұрлым жақындай түседі.
"Масканы қазірдің өзінде далада шешуге болады. Серуендеуге, табиғат аясына шыққанда вирс жұқтыру қаупі төмен. Қанша адамда антиденелер бар екенін, күніне қанша адам вирус жұқтыратынын және вакцина салдырғандар санын есептеп, халықтың иммундық көрсеткішін нақты анықтауға болады", – деді Владислав Жемчугов.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бірінші ақпанда халықты ерікті түрде вакцинация салдыру науқаны басталды. Вакцинация ерікті түрде жасалады.
Сәуірден бастап отандық QazCovid-in вакцинасы егіле бастайды. Бастапқыда көлемі 15 мың болса, ай сайын 500 мың доза дейін артады.