Қоғам

Зейнетақы жинағын пайдалану: алғашқы қазақстандық пәтер рәсімдеді

CC0 / / Ключи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Қазақстандықтарға баспана алуға, емделуге немесе инвестиция салуға жұмсау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға рұқсат берілді

АЛМАТЫ, 3 ақпан – Sputnik. Шымкент тұрғыны бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдаланып, баспаналы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қуаныш иесі аты-жөнін айтудан бас тартты. Ол зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалануға болатыны туралы әлеуметтік желі арқылы білген, деді "Отбасы банктің" баспасөз қызметі.

"Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинағымды қолдандым. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Бірінші ақпанда менің арнайы шотыма бір реттік зейнетақы төлемі түсті", - деді шымкенттік.

Шымкенттік тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ипотеканы Отбасы Банктегі аралық заем арқылы рәсімдеген. Азамат үш жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін заем бойынша ппроценттік мөлшерлемесі 5%-ке төмендейді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазақстандықтарға баспана алуға, емделуге немесе инвестиция салуға жұмсау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға рұқсат берілді. Бұл мүмкіндікті 700 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады.

Соған байланысты бірыңғай зейнетақы жинағын алуға арналған enpf-otbasy.kz сайты іске қосылды.

Жаңалықтар
0