Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда карантин талабы өзгерді – жаңа қаулы шықты

© Sputnik / Абзал КалиевЗимние развлечения в Нур-Султане
Зимние развлечения в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Дәмхана, мейрамханалардың жұмыс уақыты түнгі он екіге дейін ұзартылды. Фитнес орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына өзгерту енгізілді. Ол, негізінен, қоғамдық көлік, сауда ойын-сауық орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, фитнес орталықтар және өзге нысандардың жұмыс кестесіне қатысты. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Дәмхана, мейрамханалардың жұмыс уақыты түнгі он екіге дейін ұзартылды. Фитнес орталықтарына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Құжатқа сәйкес, спорттық, бұқаралық шараларға салынған шектеу сақталады. Сондай-ақ, әлі де отбасылық отырыстар, ас, той, митинг, шерулер өткізуге болмайды.

Бұдан бөлек, бильярд, караоке, боулинг орталықтар, батут, компьютер, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лотерея ұтысы, ойын алаңы, жабық алаңдардағы аттракциондар, мұз айдыны (спорт нысанында орналасқанынан басқасы) жұмыс істемейді.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар
0