Оқиға

474 адам қауіпсіз жерге көшірілді: Ақтөбедегі ІІМ институтында не болып жатыр

© Photo : Polisia.kzИнститут МВД в Актобе
Институт МВД в Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Белгісіз біреу ІІМ институтына "мина қойылғанын" жабарлап, ресейлік банктің картасына 7,2 миллион теңге аударуды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан — Sputnik. Ақтөбеде құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қазақстан ішкі істер министрлігі заң институтының электронды поштасына ғимаратта бірнеше жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жіберген белгісіз адамды іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ, хабарлама жолдаған азамат 1,3 миллион рубль (7,2 миллион теңге) көлеміндегі қаражатты ресейлік банктің картасына аударуды талап еткен.

"Оқиға орнына барлық жедел қызмет шұғыл жетіп, студенттер мен оқытушыларды және ерікті жалдамалы құрамды эвакуациялады. Барлығы 474 адам қауіпсіз жерге көшірілді", - деп жазылған Polisia.kz хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Павлодарда ғимаратқа "бомба қойған" адам анықталды 

Саперлер ғимаратты тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ. Полиция Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Күдікті іздестірілуде. Ол бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0