Экономика

БЖЗҚ өтінішті кері қайтарудың негізгі себептерін атады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
23 қаңтарда бірыңғай зейнетақы жинағын алуға арналған портал - enpf-otbasy.kz сайты іске қосылған болатын. Сол арқылы өтініш жіберіп, арнайы есепшот ашуға болады.

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан – Sputnik. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов электронды портал арқылы зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жіберілген өтініштерді кері қайтарудың басты себебін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адамдар жеткіліктілік деңгейінен артық соманы көрсетіп жатады. Өтініштерді кері қайтарудың басты себебі де сол. Бұдан бөлек, салымшылар бір өтінішті бірнеше рет жібереді. Кейбір адамдар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ақшасы болмаса да, өтініш жолдайды. Ондайда ол кері қайтарылады", - деді Құрманов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, өтініштерді дұрыс толтырмау жағдайлары да бар.

"Салымшыларға өтініштерді тексеріп отыру қажеттігін тағы бір мәрте еске саламыз. Алуға жататын соманы дұрыс көрсету үшін тексерген кезде үзінді көшірмедегі соманы енгізген жөн. Оны әрбір адам өтініш бергенге дейін қарап, тексере алады ", - деп атап көрсетті Құрманов.

Айта кетейік, 23 қаңтарда бірыңғай зейнетақы жинағын алуға арналған портал - enpf-otbasy.kz сайты іске қосылған болатын. Сол арқылы өтініш жіберіп, арнайы есепшот ашуға болады. Бес күннің ішінде оған БЖЗҚ-дан ақша түседі. Одан кейін 10 күнде қаражат тиісті мақсатта жұмсалуы тиіс. Жалпы, соманы пайдаланушыға 45 күн беріледі. Осы уақыттың ішінде зейнетақы жинағын пайдаланбаса, ақша зейнетақы қорына қайтарылады.

Жаңалықтар
0