Өңірлер

Өскеменде қызды қарата алмаған жігіт ойға кіріп-шықпайтын қылмыс жасады  

© Photo : pixabay.comМужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото
Мужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Жігіт қыздың Инстаграмдағы парақшасын бақылап отырып, шетелде бір ер адаммен бірге түскен суреттерін көрген

НҰР-СҰЛТАН, 2 ақпан — Sputnik. Өскеменде ер адам жауапсыз махаббаты үшін қасақана қылмыс жасады, деп хабарлады Алтайньюс.

Қала тұрғыны қызбен танысқаннан кейін оны ұнатып, қырындап жүреді. Бірақ қыз жігіттің сезіміне жауап беруден бас тартса керек. Жігіт бір күні қыздың Инстаграмдағы парақшасын, оған жазылушыларды бақылап отырып, шетелде бір ер адаммен бірге түскен суреттерін көреді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда үйленбек болған жігіт достарымен бірге сотталып кетті 

Өзінің жауапсыз махаббатын қызғанған жігіт "қарсыласына" зиян келтіру жолдарын ойластырады.

Алдымен телефон мен нөмір алып, сол жігіттің атына тіркейді. Кейін тіркелген нөмір арқылы учаскелік инспекторға сауда үйінде бомба орнатылғаны туралы хабарлама жібереді. Артынша телефон мен сим-картаны өзенге лақтырып жіберген.

"Ол сотта өзінің кінәсін толығымен мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. Сот оны кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", - дейді пробация қызметінің инспекторы Гүлжан Байдақпаева.  

Егер кінәлі бас бостандығын шектеу туралы жазадан қасақана жалтаратын болса, бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады.

 

Жаңалықтар
0