https://sputnik.kz/20210202/memlekettik-qyzmetkerler-syylyq-16191283.html
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар қайда кетеді
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар қайда кетеді
Sputnik Қазақстан
Галстук, спорт киімі, шахмат, Капитолийдің мүсіншесі, кәдесыйлар – мемлекеттік қызметкерлердің осы және басқа да сыйлықтары Нұр-Сұлтандағы қоймада сақтаулы тұр... 02.02.2021, Sputnik Қазақстан
2021-02-02T18:00+0500
2021-02-02T18:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e5/02/02/16189086_10:-1:1920:1080_1920x0_80_0_0_cf7f8a32ed4935d4e79e3f8c59f2f05a.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/02/16189086_119:-1:1837:1080_1920x0_80_0_0_e5e0c68247c12692d5830031bc97be2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлықтар қайда кетеді
18:00 02.02.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Галстук, спорт киімі, шахмат, Капитолийдің мүсіншесі, кәдесыйлар – мемлекеттік қызметкерлердің осы және басқа да сыйлықтары Нұр-Сұлтандағы қоймада сақтаулы тұр
Тәуелсіз бағалаушылардың қорытындысынан кейін бұл тауарлардың барлығы аукцион арқылы сатылады.
Аукционға кез келген адам қатыса алады. Жауапты мемлекеттік қызметтегі адамдар сыйлық алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қайтаруға міндетті. Сыйлықты қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне беру керек.
"2020 жылы елордада мемлекеттік қызметкерлер мен өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу қойған адамдардан 129 сыйлық түсті. Олардың бағалау құны 2 миллион теңге болды. Қазіргі уақытта 2021 жылдың қаңтарында біз 13 сыйлық қабылдадық. Әзірге бізде бағалау құны жоқ", - деді Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім бастығы Венера Жумукова.
Өткен жылы елордада 119 мың теңгеге бес зат сыйлық сатылды, деп жалғастырды ол.
"2020 жылы ең қымбат сыйлық әтір болды. Бағалау құны – 118 мың теңге. Сыйлықтарды өз еркімен және тегін тапсырады. Парфюмерия, киім, алкогольдік ішімдіктер. Көбіне кәдесыйлар тапсырады. Ресми кездесулер кезінде алынған көптеген сыйлық бар", - деді Жумукова.
2020 жылы қазақстандық шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық тапсырды. Ең қымбаты iPhone 12 Pro болды. Ол 617 991 теңгеге бағаланды. Қазір сатылып жатыр.