Өңірлер

Ақтөбеліктер 500 млн теңгені қалай тапқаны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, финансы, Финансовая пирамида
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2021
Жазылу
Ақтөбе соты екі ер адамды шартты түрде 3,5 жылға соттады. Олар келтірілген шығынды толық өтеді

АЛМАТЫ, 2 ақпан — Sputnik. Ақтөбе облысында екі ер адам нақты орындалған жұмыс немесе жеткізілген тауардың жоқтығына қарамастан, жалған шот-фактура жазып берген. Олар шартты түрдегі мерзімге сотталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу барысында анықталғандай, 2015 жылы Ақтөбенің екі тұрғыны бірнеше кәсіпорын құрып, оларды өз атына тіркеген. Кейін олар контрагенттерді іздеп тауып, өздерінің жалған фирмалары арқылы ақшаны шешіп алып отырған.

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 492,6 миллион теңге (1,1 миллион доллар) болғаны анықталды. Бұл сома қазір толық өтелген.

Арнайы құрылған ЖШС-лардың банк шоттарында жатқан 7,3 миллион теңге (17,3 мың доллар) бұғатталды.

Ақтөбе соты ұсталғандарды шартты түрде 3,5 жылға соттады.

Жаңалықтар
0